Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке өмірін құпия ұстайтын Нұрлан Қоянбаев алғаш рет отбасы жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын Нұрлан Қоянбаев алғаш рет отбасы жайлы сыр шертті. Мансабын КВН ойнынан бастаған әзілкештің бүгінде танымал болуына отбасы барынша қолдау білдірген. Бұл туралы танымал тұлға "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаевқа өнер жолындағы жетістіктерге жетуіне анасының септігі көп тиген.

"Анам кішкентай кезінен бастап, жазбаған кружогы жоқ. Баскетбол, шахмат бәрін көрдік. Анам өнер жолында маған көп көмектеседі. Ол кісінің жақсы айтатын әдеті бар: "Қорықпа, қолыңнан келеді, алға". Ата-анам маған өзімді еркің ұстауға тәрбие берді. Сол себепті, солардың арқасында мен көп жағдайда шекара ұстамаймын" , - деді Қоянбаев.

Әзілкеш сұқбат барысында өзінің отбасы жайлы да ағынан жарылған.

"Келіншегім экономика саласын бітірген. Бірақ жұмыс істеген жоқ. Біз университет тәмамдағаннан кейін сырға салып, үйлендік. Одан кейін бала-шаға. Өз хоббилары бар. Екі балам бар. Қызым Нұрай сегізде, ұлым Нұрсейіт алтыда. Екеуі де мектепте. Келіншегімнің есімі Әйгерім. Бүгінде Алматыда тұрамыз" , - деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786744-zeke-mirin-kpia-stajtyn-nrlan-koanbaev-algas-ret-otbasy-zajly-syr-sertti/

pixel