RU
Айқын екінші әйелі Жұлдыздың басын айналдырып алғанын мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын екінші әйелі Жұлдыздың басын айналдырып алғанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Жұлдыз Өмірғали желіде өзіне Айқынды дуалап, басын айналдырып алғаны жөнінде пікірлер жиі жазылып тұратынын айтты. Әнші қыз күйеуін қаратып алу үшін бақсы-балгерлердің көмегіне жүгінді деп болжаған көпшілікке жауап берді деп жазады "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали жолдасын дуа қолданып, өзіне ғашық еткізгеніне қатысты пікір білдірді.

"Дуалау дегенді ойлаудың өзі қорқынышты сияқты. Әрине, мен ондай әңгімелерді естимін. "Сен бүйткенсің, сен сүйткенсің" деп кінә тағып жатады. Бірақ, бір Алла біледі ғой мен ондай затқа бармайтынымды, ондайды ешқашан басқа біреуге жасамайтынымды. Маған керағар пікір жазушыларға ондайды жасамағанымды айтып, шашымды ағартып дәлелдеуден шаршадым" , - дейді Өмірғали.

Айқын да келіншегінің сөзін құптап, даулау дегенге сенбейтінін айтты.

"Ондайға мүлде сенбеймін. Жігіттің қыздың басын айналдырып алуы мүмкін. Өйткені, арулар құлақпен жақсы көреді. Керісінше, мен айналдырған сияқтымын оның басын" , - деді Айқын.
Сіздің реакцияңыз
6
2
1
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel