Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқалы болсам, өкінбеймін": Әкесімен жасты азаматты сүйетін ару сырын ашты

Опубликовано:

Университет қабырғасында білім алып жүріп, әкесімен жасты азаматқа ессіз ғашық болған ару жан сырын ақтарды. Бүгінде ол ұстазының тоқалы болуға дайын екенін де мәлімдеді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: duckproxy.com
Көрнекі фото: duckproxy.com: Instagram

23 жастағы жас мұғалім педагогикалық университетке түскен кезде дәріс оқитын ұстазға мән бере қоймаған.

Алайда, уақыт өте жасы келген тәлімгері оны білімімен, парасаттылығымен баурап алған екен.

"Екеуміздің арамыздағы сыйластық қазіргі күнде махаббатқа ұласқан. Бірақ, талай рет сезім жетегіне еріп кетер сәт таяғанда ол менің әлі жас екенімді, оң босағадағы қыз екенімді ескеріп, арамыздағы қарым-қатынасқа қатысты өз байламын да айтты.

Яғни, мен магистратураны бітіріп, мамандығым бойынша елордаға жұмысқа орналасқаныма қарсылық білдірген жоқ. Қайта бір сөзінде Астанада өзі келіп тұратын бір шаңырақ болуы керектігін, оған мені лайық көретінін де айтты.

Ал қазіргі күнде ол осыған жағдай жасаудың қамында жүр", -дейді ол.

Оған қоса, сезім еркіне берілген ару ұстазына тоқал болуға қарсы емес екенін жеткізді.

"Мен осындай білімді, қоғамда абыройлы, бақытын алақанда аялай алатын азаматтың екінші әйелі, тоқалы болсам да еш өкінбеймін. Керісінше, бас қосар болсақ, алдағы істеріне жары ретінде қол ұшын беріп әрі осындай есті азаматтан ұрпақ сүйгенім дұрыс",- дейді ол.

Жас мұғалім бір-екі жылда қырықты артқа тастаған ұстазымен көңіл қосуға дайын екенін айтты.

"Мен 20-дан ассам да берік сақтап келе жатқан қыз-ғұмырымды, бүкіл болашағымды сол адамға арнауға бел будым. Ал бұл қадамым үшін өз басым бір сәт те өкінбеймін.

Өйткені, ол мені үйде отырғызып, әмірін жүргізетін әкіреңбай еркексымақ емес. Ол өз отбасы үшін де, қоғам үшін де аянып қалмайтын асыл адам.

Мен сондықтан да оның тоқалы болуыма әзірден өзімді дайындап жүрмін", -дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786757-tokaly-bolsam-kinbejmin-kesimen-zasty-azamatty-sjetin-aru-syryn-asty/

pixel