RU
Полторанин допинг дауынан кейін Қазақстанға оралды

Полторанин допинг дауынан кейін Қазақстанға оралды

Рассказать Вконтакте

Шаңғышы Алексей Полторанин допинг дауынан кейін Қазақстанға аз мерзімге оралды. Бұл туралы vksport.kz өңірлік порталы хабарлайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: zimbio.com

Фото: zimbio.com

Cайт мәліметінше, шаңғышы Алексей Полторанин өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу ісіне адал болып қалды.

Ол өзіне қатысты допинг дауына қарамастан, біршама уақытқа Мәскеуді тастап, өз есімі мен Сергей Черепанов атындағы жүлделерге кезекті жарыс өткізу үшін отанына, Риддерге оралған.

Бұл жарыстар жеті жыл бойы өткізіліп келеді екен. Черепанов пен Полторанин турнирі өз қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Биыл додаларға еліміздің әр бұрышынан 250 спортшы қатысады.

Портал мәліметінше, жақын арада қазақстандық шаңғышы қазір отбасы тұрып жатқан Мәскеу қаласына оралады.

Полторанин журналистерге берген қысқа сұхбатында еңбек демалысы болғандықтан, мамырдың соңына дейін уақытын жанұясымен өткізетінін айтты.

Айта кетейік, наурыз айының басында австриялық полицейлер қазақстандық шаңғышыны және басқа елдердің бірнеше спортшыларын допинг қабылдады деген күдікпен ұстады.

Алайда Полтораниннің ағзасынан тыйым салынған препараттар табылған жоқ.

Даудан кейін қазақстандық шаңғышы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасамай, Мәскеуге аттанып кетті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel