Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оркестр, қызыл кілем және Тасмағамбетов: Ресейде Тоқаевты қалай күтіп алды? (фото)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде алғашқы ресми сапарын Ресейден бастады. Оның салтанатты кездесуі Мәскеу әуежайындағы ұшақ баспалдағынан бастау алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко: Original

Тоқаевтың президент борты Внуково әуежайына 14.10-да қонды.

Қазақстан басшысын арнайы күзет пен оркестр күтіп алды. Ұшақ баспалдағына қызыл кілем төселді.

Мәскеуде Тоқаевты Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков және Ресей СІМ Мемлекеттік хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев қарсы алды.
Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко: Original

Бүгін Мәскеу уақыты бойынша түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресейге ресми сапары аясындағы басты кездесу күтіп тұр.

Атап айтқанда, ол Кремльде Владимир Путинмен жүздесетін болады.

Қазақстан мен Ресей басшылары бірнеше құжатты қабылдау аясында келіссөздер жүргізіп, бірлескен мәлімдеме жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1786767-orkestr-kyzyl-kilem-zne-tasmagambetov-resejde-tokaevty-kalaj-ktip-aldy-foto/

pixel