RU
"Жігітім намысшыл": Ақтаулық ару пәктігін қалпына келтіру үшін көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

"Жігітім намысшыл": Ақтаулық ару пәктігін қалпына келтіру үшін көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Пәктігін қалпына келтіргісі келетін 20 жастағы ақтаулық ару жұрттан көмек сұрады. Бойжеткен өз өмірі жайында Instagram әлеуметтік желісіндегі "Үшбу хат" парақшасында мәлімдеген деп жазады sn.kz.

Көрнекі фото: odi-et-amo.ru

Көрнекі фото: odi-et-amo.ru

Шерін тарқатқан ару осыдан екі жыл бұрын пәктігінен айрылып қалған екен.

Ұзатылғалы отырған ол өзге үйдің босағасын "абыроймен" аттағысы келеді. 

"Жақсы жігіт кездестірдім. Қарашаның 30-ы тойымыз еді. Оны қатты жақсы көргенім соншалық, шындықты айта алмадым. Себебі, ол өте намысшыл. Білетін болса, одан айрылып қаламын. Сондықтан сөкпеңіздерші. Пәктікті қалпына келтіру қанша? Ол зиян ба? Өзім Ақтауданмын. Жігітім Атыраудан. Қай қалада бар? Кім  жақсы гинеколог біледі?", – деп жазды ол. 
Сіздің реакцияңыз
43
7
7
4
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel