RU
6 жыл бойы досын мектепке арқалап апарып жүрген оқушы көпті сүйсінтті

6 жыл бойы досын мектепке арқалап апарып жүрген оқушы көпті сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Сычуань провинциясында тұратын 12 жастағы Сю Бинянь күнделікті мектепке досын арқалап апарады. Оқушының анасы да бұл туралы білмеген деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алты жыл бойы досын мектепке арқалап апарған қытайлық оқушы елді сүйсінтті

Фото: Sichuan Online

Сю Бинянның досы Джан Цзэ өте сирек кездесетін "миастения гравис" (бұлшықеттердің әлсіздігі) ауруына шалдыққан.

Оған бұл диагноз қойылғанда ол небәрі төрт жаста болған. Джан өз бетімен жүре алмайды, бірақ бақытына орай оның жан досы бар.

Алты жыл бойы досын мектепке арқалап апарған қытайлық оқушы елді сүйсінтті

Фото: Sichuan Online

"Менің салмағым 40 келі, ал Джан бар-жоғы 25 келі. Оны көтергеннен еш қиналмаймын", - деді Сю.

Әрине, бұл шын мәнінде оңай емес. Бірақ балалар үш минутта сыныпқа немесе әжетханаға жетіп үлгереді.

Сю досына тұрмыста да көмектеседі. Мысалы, құмырасына су толтыруға көмектесіп, мұғалімге үй тапсырмасын апарып береді.

Балашақта ол ерікті болып, адамдарға көмектесуді қалайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
43
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel