RU

Қытайда пышақпен қаруланған ер адам мектеп оқушыларына шабуылдады

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Хунань провинциясында бастауыш сынып оқушыларына пышақ ұстаған ер адам тап берді деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайда пышақпен қаруланған ер адам бастауыш сынып оқушыларына шабуылдап, екі адам қайтыс болды
Көрнекі фото:24tv.ua: Facebook

Оқиға бүгін таңертең болған. Ер адам пышақпен балаларға шабуылдаған. Екі адам қаза болып, екі адам ауруханаға түсті. Олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қаскөй оқиға орнында құрықталды. Ол 31 жастағы азамат болып шықты. Оны мұндай әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786809-kytajda-pysakpen-karulangan-er-adam-mektep-okusylaryna-sabuyldady.html