RU
Владимир Путин Тоқаевты президент болуымен құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Владимир Путин Тоқаевты президент болуымен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мен Ресей басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Кремльде шағын ортадағы кездесу өткізуде. Ресей президенті Владимир Путин алғы сөзді Тоқаевты құттықтаумен бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко

Путин мен Тоқаев президенттік кездесуді мәскеулік уақытқа сәйкес сағат 15:30-да бастады.

Арнайы күзет кремльдік Жасыл залдың ауыр ағаш есіктерін айқара ашты – екі елдің президенттері бір-біріне қарама-қарсы зал орталығына шықты.

Олар бір-бірінің қолынан алып, жымиды. Артынша қазақстандық және ресейлік делегация бір-бірімен қол алысты. Путин Тоқаевқа орындыққа отыруды ұсынды.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, қымбатты достар, маған Мәскеуде - Кремльде сәлемдесуге рұқсат етіңіздер. Сіз бізге мемлекет басшысы ретінде алғаш рет келіп тұрсыз. Мен сізді президент қызметіне кірісуіңізбен құттықтаймын", - деді Владимир Путин.
"Құттықтауыңыз үшін көп рақмет, Владимир Владимирұлы", - деп жауап берді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel