Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Путинге Назарбаевтың ақ тілегі мен сәлемін жеткізді

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Мемлекет басшылары Кремльдегі кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президентінің жетістіктері туралы сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ввввв
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: UGC

Тағы оқыңыздар:

Владимир Путин Тоқаевты президент болуымен құттықтады

Путин Кремльде Қазақстан президенті Тоқаевты қабылдады (фото)

«Сіз Қазақстан мен Ресей арасныдағы қарым-қатыснастың деңгейі қандай екенінен хабардарсыз. Біз сіздермен бірге сондай деңгейге жету үшін көп нәрсе атқарды. Әрине, бұл орайда, біріншіден, Қазақстанның Тұңғыш президентінің үлесі зор болды және барша команда мақсатқа сай жұмыс істеді», - деді Путин Кремьдегі кездесуде.

Ол Тоқаевтың бүгінгі сапары Қазақстан мен Ресей ара-қатынан тығыздай түсетініне сенім білдірді.

Оған жауап ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Путинге деген сәлемін жеткізді.

«Мен сізге арамызда телефон арқылы болған әңгімеден кейін аз уақыт ішінде осы сапарды ұйымдастырғаныңыз үшін алғыс білдіріп және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сізге деген жақсы тілектері мен сәлемін жеткізгім келеді.
Сіз жаңа ғана оның екі ел арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайтып, дамыту жолында қандай еңбек сіңіргені туралы дұрыс атап өттіңіз», - деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы Ресеймен одақтасу туралы алғашқы келісімшарттар қалай жасалғаны әлі есінде екенін айта кетті.

«Біздің қарым-қатынастарымыз үнемі бір жүйемен дамып келеді, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы, нышан байқалады», - деп мәлімдеді Тоқаев.
«Нұрсұлтан Әбішұлына сәлем айтыңызшы, өтініш», - деп күлімдеді Путин.
«Сәлеміңізді қуана жеткіземін», - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1786851-tokaev-putinge-nazarbaevty-ak-tilegi-men-slemin-zetkizdi/

pixel