RU
ШҚО-да ер адам мүгедек әйелін тастап, ауылдас келіншекті тоқал еткен

ШҚО-да ер адам мүгедек әйелін тастап, ауылдас келіншекті тоқал еткен

Рассказать Вконтакте

ШҚО-дағы ауылдардың бірінде жасы елуден асқан ер адам өзі шамалас әйелді тоқалдыққа алған. Шағын елдімекендегі оқиғаны KAZ.NUR.KZ тілшісіне сол ауылдың тұрғындары баяндап берді.

Көрнекі фото: Zakon.kz

Көрнекі фото: Zakon.kz

Егде жастағы ел ағасының бірінші бәйбішесі жол апатынан соң балдақпен жүретін болған.

Ауылдастар үш бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар тарапынан ешқашан қандай да бір келіспеушілікті байқамадық дейді.

"Екеуінің де балалары бар. Бала түгіл немерелері бар. Тоқал болып барғалы отырған әйелдің біраз жыл бұрын күйеуі қайтыс болып кеткен еді. Асқар да (авт. аты-жөні өзгертілді) үйленген, үш баласы бар азамат.

Басында қаңқу сөз болар деп сенбеген едік, алайда расымен сол әйелге барып, үйінде қонып жүргенін, үй шаруасына көмектесетінін көргенде қатты таң қалдық.

Шағын ғана ауыл, бәрі бір-бірін таниды. Құдай шатастырамын десе осылай болады екен", - дейді ауыл тұрғындары.

Айтуларынша, ер адамның бәйбішесінің өзі де аталмыш жағдайға көнген екен.

"Жол апатынан кейін мүгедек болып қалған. Балаларының бәрі қалада. Бәйбішесі екеуі ғана тұратын. Енді балалары келеді деп жатыр. Келгенмен не шара? Бәріміз Асқарға ақсақал болып, түсіндіріп, айтып көрдік. Райынан қайтар емес, тағдыр деген осы шығар? Ешкімнің басына бермесін", - дейді ауыл тұрғындары.
Сіздің реакцияңыз
13
1
3
11
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel