RU
БАҚ: Бритни Спирс психиатрлық стационарда жатыр

БАҚ: Бритни Спирс психиатрлық стационарда жатыр

Рассказать Вконтакте

Америкалық әнші Бритни Спирс психиатрлық стационардың көмегіне жүгінді деп хабарлайды дереккөздерге сілтеме жасаған TMZ салалы басылымы.

Көрнекі фото: id.fanpop.com

Көрнекі фото: id.fanpop.com

Хабарланғандай, Спирс клиникаға бір апта бұрын жатқан. Әнші ол жақта 30 күнін өткізеді екен.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, Спирс әкесінің дертіне байланысты күйзелісте жүрген.

Джеймс Спирс ішегіндегі мәселелерге қатысты екі ота жасатқан екен. Екінші отадан кейін әншінің әкесінің жағдай нашарлап кетіпті.

Бритни Спирс - заманауи әншілердің ішінде ең атақтыларының бірі. Ол алғашқы екі пластинкасынан кейін-ақ АҚШ онжылдығының әншісі деп бағаланған.

Сондай-ақ, Спирс шоу-бизнес әлеміндегі ең бай әйелдердің ішінде 12-ші орынға тұрақтапты.

Әншінің денсаулығы бұрынғы күйеуі Кевин Федерлайнмен ажырасқан соң алкоголь мен есірткі пайдаланғаннан кейін сыр берген. 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылдың шілдесіне дейін бір шаңырақ астында тұрған жұптың екі баласы бар.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel