RU
"Шашын жұламын": Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел өзін қоярға жер таппады

"Шашын жұламын": Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел өзін қоярға жер таппады

Рассказать Вконтакте

Жұбайының көзіне шөп салып жүргенін білген келіншек жан сырын ақтарды. Сүйіктісінің көңілдесін біліп қойған ол енді отбасының шырқын бұзған әйелге өзі бармақшы деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: carmenmonahan.blogspot.com

Көрнекі фото: carmenmonahan.blogspot.com

Күйеуімен отасқанына төрт жыл болған келіншек бүгінде екі баланың анасы. 22 жастағы арудың жұбайы күнкөріс қамы үшін вахталық жұмыста 15 күн істеп, 15 күн демалады екен.

Cоңғы күндері отағасы ұлының туған күніне сыйлық алу үшін демалыссыз жұмыс істеуді шешіпті. Алайда келіншек тоқтаусыз жұмыстың басқа да себептері бар екенін аңғарып қойған екен.

"Қазір менімен дұрыстап сөйлеспей жүр. Оның ұялы телефоны сөніп жатады, сөйтсем сол жақта бір əйелмен кездесіп жүр екен. Мұны кездейсоқ біліп қалдым. Енеме де, қайын апайларыма да айттым.  Олар да күйеуіме ұрсып жатыр, менімен күйеуім сөйлеспей жүр",- дейді ашынған келіншек.

Ғашығының опасыздығы жанына батқан әйел енді оның көңілдесіне баруды жөн көрген.

"Қайын апайыма айттым, "бірге барайық, ана əйелдің шашын жұламын" деп отырмын. Ертең алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін, бірақ қорқамын. Егер екеуін төсекте ұстап алсам, өзімді қалай сабырға шақырамын, білмеймін. Барғаным дұрыс бола ма екен, одан кейін күйеуімді қалай кешіремін, айқайлап ұрысқаным дұрыс па, əлде үндемей ғана қайын апайларымның айтқандарына қосылып тұра берейін бе?", - деп сұраған ол.

Сіздің реакцияңыз
7
4
2
10
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel