RU
Гауһар Әлімбекова кезекті сот отырысында көз жасына ерік берді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гауһар Әлімбекова кезекті сот отырысында көз жасына ерік берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Алаяқтық бабы бойынша айыпталған Гауһар Әлімбекова кезекті сот отырысында жылап жіберді. Өнер иесі Алматы қалалық сотында өзінің кінәлі емес екенін қайталады деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, Бақыт Назарова оны қорқыту арқылы ақшасын қайтарып алмақ болған.

"Үш пәтер алдым. Бірден алған жоқпыз. Бірінші бір пәтер... "Саған арызға түскен кезде, өзің ақшаны алып келіп бересің. Сенің атыңа кір келтіру - ең жанды жерің. Атыңа кір келтіріп, бүкіл халыққа мен сені қара жағып, қарабет қылам" деді.
Мен ол үйге кіргеніме сенімсіз болсам, ол үйдің жалған пәтер, жалған құжаттар болса, одан күмәндансам мен не қыламын, Бақыт тәтеге айтып? Менің атағым ешқашан шықпаған", - деп көз жасына ерік берді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осы сот отырысында істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін толық мойындап, Гауһар Әлімбекованың кінәсіз екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
13
3
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel