Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей 35 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші әрі актер Қайрат Әділгерей 35 жасын Алматы төрінде дүркіретіп тойлады. "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі қуанышына өнердегі әріптестерін түгел дерлік шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әртістің қуанышына ортақтасқандар қатарында Нұрлан Еспанов, Қанат Әлжаппаров, Бейбіт Көшқалиев, Бағлан Әбдірайымов, Асхат Тарғын, Жанар Айжанова, Ғазизхан Шекербеков, тағы басқа өнер жұлдыздары бар.

Туған күнге шақырылған барлық жұлдыздар Қайрат Әділгерейдің суреті мен видеосын желіге жарыса жүктеп, ақ тілектерін жаудырған.

Сондай-ақ, желі қолданушылары Қайрат Әділгерейдің әнші әйелі Бақыт Тұрманның сұлулығына тамсанғандарын да жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786923-kajrat-dilgerej-35-zaska-tolgan-tugan-knin-drkiretip-atap-tti-foto-video/

pixel