RU
Ернін шүртитіп суретке түскен Абдуллинді Асхат Тарғын сөгіп тастады (фото)

Ернін шүртитіп суретке түскен Абдуллинді Асхат Тарғын сөгіп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасына өзгеше сурет саламын деп, жұрттың қызу талқысына түсті. Әншінің бұл әрекетін құптамаған әріптесі Асхат Тарғын да көпшілікпен қатар өз қарсылығын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жаңа суретінде әнші ернін шүртитіп, сүйіп тұрғандай кейіп танытқан.

Ал бұл суреттің астына Асхат Тарғын: "Нұрболат, алып тасташы мына суретіңді. Қате ғой, інім. Ер азаматқа лайық болшы.Сен үшін мен ұялып жатырмын. Саған жаным ашиды. Дұрыс түсін", - деп пікір қалдырған.

Алайда әріптесінің бұл жазбасына Нұрболат Абдуллин ешқандай жауап қайтармапты.

Айта кетейік, әншінің бұл фотосын ұнатпаған өзге де желі қолданушылары өз ойларын жарыса білдірген.

"Күлейін десем, жас бала емессін. Күлмейін десем, істеп тұрғаның жас баланың тірлігі. Біресе тамағыңды салдың. Біресе денеңді... Бассейннен шықтың. Келесіде жалаңаш шықпасаң болды. Адам жұлдыз ауруына шалдыққан сайын, түрлі өнер мен мінез шығарады деген рас екен ғой".

"Осы күндері Нұрболатқа не болған?", "Өкінішті. Адамдарды жалықтырып жібердің. Әндеріңді сүйіп тыңдап жүр едік".

"Әнші екенмін деп өтірік нәрсе істегеннен, халыққа табиға болмысыңмен көрінген дұрыс", "Не болса соны салады, жылтыңдап. Содан абыройсыз, ешкімге қызықсыз болып қалады", "Кішкентай баланың тірлігін істеп отырсыз", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Нұрболат Абдуллин қызды болған еді.

Сіздің реакцияңыз
9
1
2
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel