RU
"Тіршілік қайнауда": СҚО әкімі үш күн шалғайдағы ауылда қалай өмір сүрді?

"Тіршілік қайнауда": СҚО әкімі үш күн шалғайдағы ауылда қалай өмір сүрді?

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Facebook парақшасында үш күн бойы ауылда болып қайтқанын жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

СҚО-ның әкімі үш күн шалғайдағы ауылда өмір сүргенін айтып берді

Фото:facebook.com/qumaraksaqalov

Осыдан бұрын ол Уәлихан ауданының ең шалғай ауылы Қулыкөлде үш күн бойы жұмыс істеп жатқанын жазған.

Елдімекен Петропавл қаласынан 560 шақырым жерде орналасқан. Ол жерде су тасқынын тоқтатуға арналған жедел штаб орнатылған.

Барлық қызмет түрлері жұмылдырылып, жұмыстар түнде де жалғасқан. Жағаны бекіту жұмыстары мен топырақ төгу жұмыстары жүргізілді. Осылайша Қулыкөл ауылын су басып қалмайтын болды.

"Қулыкөл ауылында үш күннің ішінде біраз істің басы қайырылды. Тұрғындармен кездесіп, ауыл ақсақалдарымен де тілдестім. Олар облысымыздың ең шалғай ауылының тыныс-тіршілігі туралы айтып берді.
Өңірдің ең алыс нүктесі болғанына қарамастан, бұл ауылда өмір қайнап жатыр. Тұрғындардың барлығы дерлік мал шаруашылығымен айналысады, әр аулада кем дегенде 15-20 ірі қара мал бар. Малды мотоциклмен бағады",- деп жазды облыс әкімі.

Ақсақаловтың сөзінше, қазір ауылда 800 тұрғын тұрады. Соңғы жылдары халық саны азаймай, керісінше, жастар өз ауылына қайтып келіп жатыр екен.

Бос тұрған үйлер жоқтың қасы. Ауылда балалар көп. Былтыр бірінші сыныпқа 20 бала барыпты. Барлығы Қулыкөл мектебінде 200 оқушы бар. Бұл - ауыл мектебі үшін өте жақсы көрсеткіш.

"Қулыкөлде патриот азаматтар да баршылық. Жеке кәсіпкер Саян Мүбаракпен таныстым. Саян өзінің туған жеріне жаны ашитын азамат екен. Былтыр ол тұрғындарға спорт кешенін салып берген. Осындай бизнесмендерге алғыс айтамын. Кәсібін дөңгелетіп, халықты да ұмытпайды. Саян Мүбарактың жақсылығы көпке үлгі", - деді Құмар Ақсақалов.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel