RU
"Өзіндік ерекшелігі бар": Гүлзира Айдарбекова ұлын Димашпен салыстырғандарға жауап қайтарды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өзіндік ерекшелігі бар": Гүлзира Айдарбекова ұлын Димашпен салыстырғандарға жауап қайтарды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Дубайда жеке концертін өткізген Қайрат Нұртас көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Әншінің анасы ұлын Димаш Құдайбергенмен салыстырғандарға жауап қайтарды деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Димашқа құрметпен қарайтынын, алайда оны ұлымен салыстырудың керек еместігін ашып айтты.

"Былай жазған "Димаш шетелге шыққаннан кейін, сіздер де концерт беріп жатсыздар ма?" дейді.

Ал мен шетелге концертті Қайраттың 18 жасынан бастап беріп жатырмын ғой. Бір барғанда 14-15 қаласына беріп қайтамыз, Қытайға. Үш мың, бес мың, жеті мың, он мың адамдық стадиондарына бергенбіз мысалға. Бірінші рет барып жатқан жоқпыз.

Оның 6 октава алатын даусын Қайрат ала алмайды. Бірақ Қайраттың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы Қайрат "Димаш болып туылсам" деп армандамайды, Димаш "Қайрат болып туылсам" деп армандамайды. Әрқайсының өз өмір жолы бар", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Сіздің реакцияңыз
17
2
4
0
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel