Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында АЭС салынатын орын таңдалды

Опубликовано:

Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында Алматы облысында орналасқан Үлкен ауылында атом электр станциясы салынатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мырзағалиевтің сөзінше, атом электр станциясы құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ қайда салынатыны белгілі болған.

"Біз осы мәселені әрі қарай зерттейміз, бірақ атом электр станциясы құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Алматы облысында орналасқан Үлкен ауылы алаңқайында салатын болдық", - деді энергетика министрінің орынбасары журналистерге берген жауабында.

Мырзағалиев Қазақстанға ең қолайлы технологияны таңдап алу қажеттігін алға тартты.

Айта кетейік, Үлкен ауылы Балқаш көлінің жанында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1786953-almaty-oblysynda-aes-salynatyn-oryn-tadaldy/

pixel