RU
"Екіжүздісің": Хабиб әйеліне тіл тигізген Конорға жауап қайырды
Жаңалықтар Спорт

"Екіжүздісің": Хабиб әйеліне тіл тигізген Конорға жауап қайырды

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедов әйеліне тіл тигізген ирландиялық спортшыға жауап қайтарды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік спортшы әйеліне тіл тигізген Макгрегорға Twitter желісіндегі парақшасы арқылы жауап берді.

"Сен жәбірлеушісің. Сен өз әрекетіңе жауап бере алмайтын екіжүздісің. Әділдік орнайды әлі-ақ" - деді Нурмагомедов.

Макгрегорға Нурмагомедовтан бөлек, оның менеджері Али Абдель-Азиз де желіде қарсы пікір білдірді.

Ол Макгрегор тек Нурмагомедовтың әйелін ғана қорлап қоймай жарты миллиард мұсылманға тіл тигізгенін жеткізді.

Еске сала кетсек, наурызда Макгрегор спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.

Нурмагомедов оның "мансабын аяқтаймын" деген сөзіне сенбейтінін жеткізіп, ирландиялық спортшыны "қызғаншақ әйелге" теңеді.

Өз кезегінде Макгрегор Twitter желісіндегі парақшасында ресейлік спортшының үйлену тойындағы суретін жүктеп, оның әйеліне тіл тигізді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel