Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтар келді": Тоқаевтың Мәскеудегі кортежінің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеу көшелерімен жүріп өткен кортежінің видеосы әлеуметтік желілерде жылдам таралуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақтар келді": Тоқаевтың Мәскеудегі кортежінің видеосы пайда болды
Фото:NUR.KZ: Instagram

Видео үшінші сәуір күні Ресей астанасының орталық көшелерінің бірінде түсірілген.

Қазақстан президентінің терезелері қараңғыланған қара көлігіне мотоциклдер ілесіп жүргенін көруге болады.

Кадр сыртындағы дауыстарға қарағанда мәскеуліктер бұл көрініске қатты таңданып, кім келе жатқанын болжай бастаған.

"Бәрін жауып тастаған. Адамдар дүрлігіп жүр. Кім келе жатыр екен?", - деп таңданады әйел адам.

Көліктен қазақстандық туды көрген азаматтар бірден: "Қазақстан, Қазақстан! Қазақтар келді" деп айғайлай бастаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл роликті көріп, көңілдері көтеріліп қалғанын жазған.

"Көңілді! Бойжеткен көңіл көтере алады екен!", "Бір күнге көңіл-күйімді көтеріп берді", "Орталық Азия елдерінің ішінде тек қазақтарлды ғана Ресейде осылай қабылдайды. Оның үстіне бұл ресми сапар емес, жай жұмыс бабымен кездесу. Дегенмен ресейліктер бізді құрметтейді. Елбасы мемлекетіміздің атақ-абыройын асырды", - деп жазды желі пайдаланушылары.

Мәскеудегі Тоқаевтың кортежіне мотоциклдердің максималды саны қатысқан. Хаттама бойынша шетелдік президенттің ресми сапары кезінде оның жанына бес мотоцикл еріп жүруге тиіс.

Ал Тоқаевпен мемлекеттік сапар кезіндегідей тоғыз мотоцикл еріп жүрген. Осылайша Ресей тарапы Қазақстанға және жаңа президентке деген ерекше ықыласын көрсеткен.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде алғашқы ресми сапарын Ресейден бастаған болатын.

Қазақстан басшысын арнайы күзет пен оркестр күтіп алды. Ұшақ баспалдағына қызыл кілем төселді.

Тоқаевтың кортежі Мәскеу халқының назарын аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786964-kazaktar-keldi-tokaevty-mskeudegi-kortezini-videosy-pajda-boldy/

pixel