Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ән айтып жүре бер": Тағы бір бағдарламаны жүргізген Ерке Есмахан сынға қалды

Опубликовано:

Отандық телеарналардың бірінде тағы бір бағдарламаны тізгіндеген Ерке Есмахан көпшілік тарапынан сынға ұшырады. Жұрт танымал жұлдыздардан сұхбат алған әншіге кәсібилік жетіспейтінін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Getty Images

"Ережесіз әңгіме" жобасында Айнұр Асанбердімен бірге танымал тұлғалардан сұхбат алатын Ерке Есмахан халыққа жақпай қалды.

Бағдарламаны көрген желі қолданушылары қос жүргізушіні де сынап тастады.

"Жүргізушілердің сұрақтары қызықсыз, тартымсыз", "Ерке өлеңіңді айтып жүре берші, журналистика сенікі емес", "Ыңылдап, қызықсыз әңгіме болды", "Ережесіз әңгіме деген соң басқаша дүниелер ойластыру керек еді","Екі жүргізуші де дұрыс сұрақ қоя алмады", "Әнші жүргізген сұхбаттасу тіпті мән мағынасыз ", "Неге күле береді?" , " Сұрақтарыңыз нақты емес, қызықсыз жүргізушілер", "Екеуі бір-бірімен жарысып, жүйкеге тиді", Жүргізушілер түк ұнамады" деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан Қайрат Нұртаспен бірге әншілердің талантын таразыға салатын "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасын жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786978-n-ajtyp-zre-ber-tagy-bir-bagdarlamany-zrgizgen-erke-esmahan-synga-kaldy/

pixel