RU
"Тұрғындар пікірі ескеріледі": Мырзағалиев АЭС құрылысы туралы айтты

"Тұрғындар пікірі ескеріледі": Мырзағалиев АЭС құрылысы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында Алматы облысындағы Үлкен ауылында атом электр станциясын салмастан бұрын тұрғындар пікірін сұрайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мағзұм Мырзағалиев. Фото: ortcom.kz

Мағзұм Мырзағалиев. Фото: ortcom.kz

"Қазақстандықтардың пікірі міндетті түрде ескерілетін болады", - деді ол журналистерге.

Энергетика министрінің орынбасарының айтуынша, құрылыс алаңын таңдау кезінде бірнеше факторларды ескерген. Cоның ішінде ауданның сейсмикалық жағдайы, судың қолжетімділігі есепке алыныпты.

Мырзағаливтің сөзінше, болашақ АЭС құрылысына лайықты алаңдардың тізімі жасалған.

"Бұлар Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатовтағы алаң және Алматы облысындағы Үлкен ауылындағы алаң, – деді вице-министр.

Еске сала кетсек, Алматы облысында орналасқан Үлкен ауылы алаңқайында АЭС салынатын болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel