RU
"Қадірі кетті": Жанар Айжанова құрмет ордені жайлы ойын ашық айтты

"Қадірі кетті": Жанар Айжанова құрмет ордені жайлы ойын ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Жанар Айжанова жасы 30-дан енді ғана асқан өнер адамдарына құрмет орденін беруді қүптамайтынын айтты. Әнші бұл атақты оңды-солды беруді тоқтату керектігін алға тартқан деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші белгілі журналистпен сұқбат барысында көптеген жас өнерпаздарға табысталған марапатқа қатысты пікір білдірді.

Айтуынша, құрмет орденін жасына сай, лайықты жандарға беру керек.

"Үш атақ та жоқ. Айтсаң қызғанғандай боласың, 30 жасқа енді толып жатқан өнер жолындағы қыздарымыз бен балаларымызға құрмет орденін бергенді біртүрлі көрдім. Жасына келмейтін сияқты.
Ол мен қызғанып жатқан жоқпын. Ауыздықтап отырса, оңды-солды лақтырмай. Лайықты жасына, лайықты адамдарға берілсе деймін. Әйтпесе, қадірі де кетіп қалады ғой" , - дейді Жанар Айжанова.

Оған қоса, әнші өзінің бұл атақты алуға енді ғана лайық екенін де айта кетті.

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанованың күйеуі туралы бар шындықты ашқанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
4
2
0
5
32
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel