RU
Тоғыз күн бұрын мансабын аяқтаған Конор Макгрегор спортқа қайта оралды

Тоғыз күн бұрын мансабын аяқтаған Конор Макгрегор спортқа қайта оралды

Рассказать Вконтакте

Осыдан тоғыз күн бұрын мансабын аяқтағанын хабарлап, жұртты дүрліктірген Конор Макгрегор көпшілікті тағы да таңғалдырды. Ережесіз жекпе-жек жұлдызы спортқа қайта оралғанын ресми түрде мәлімдеген. Ол бұл шешімді жанкүйерлері үшін қабылдағанын алға тартты деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Спортшы кәсіби мансабын қайта жалғастырмақ екенін өзінің Twitter парақшасында хабарлап, барша жанкүйерлерін қуантқан.

"Мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі діни бағытты ұстанатын жакүйерлерімен бірге тек алға ұмтылғым келеді. Дін бізді дамуға, жетістікке жетелейді. Бұл ғаламшар барлығыз үшін. Октагонда көріскенше" , - деп жазған Макгрегор.

Ережесіз жекпе-жек жұлдызының жанкүйерлері енді Конор Макгрегордың келесі қарсыласы кім болатынын қызу талқылауда.

Айта кетейік, бұған дейін Конор Магрегордың мансабын аяқтағанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel