Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы тағайындалды

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына әділет полковнигі Дархан Тұрсынұлы Қанатбеков тағайындалды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дархан Қанатбеков. Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Дархан Қанатбеков. Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жаңа төрағасын жеке құрамға министр Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Айта кетейік, Дархан Қанатбеков қылмыстық артқару жүйесі органдарында 2001 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарады. Жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық қызметтегі іс-тәжірибесі мол.

Ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, департамент бастығы болып қызмет еткен.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Кездесу барысында Ерлан Тұрғымбаев Комитет қызметкерлеріне ішкі істер органдарын және қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту бойынша негізгі іс-шаралар туралы айтып, ел президентінің ІІМ-нің алдына қойған жаңа тапсырмаларына тоқталды.

Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен Азамат Базылбеков ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787001-kylmystyk-atkaru-zjesi-komitetini-tragasy-tagajyndaldy/

pixel