RU
Асқан тартымдылығы үшін елінен қуылған араб жігітінің әйелі жұртқа жақпай қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Асқан тартымдылығы үшін елінен қуылған араб жігітінің әйелі жұртқа жақпай қалды

Рассказать Вконтакте

Омар Боркан аль-Гала асқан тартымдылығы үшін Сауд Арабиясынан қуылып, күллі әлемге танымал болды. Елдің билік өкілдері оның сымбаттылығы әйелдерді асыра қызықтырып жібереді деп ой түйсе керек. Сол бір жағдайдан кейін желіде жұлдыз болған жігіттің бұл жолы әйелі қызу талқыға түскен. Бұл туралы fb.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Актер, ақын және фотограф қызметін қатар алып жүрген азамат ерекше сымбатының арқасында талай нәзік жандылардың құрметіне ие болды.

Алайда мыңдаған аруды өзіне ғашық еткен сері отбасылы болып шықты

Омардың Ясмин атты жұбайы бар. Әйел адам желіде аса танымал емес. Жұбайлар бес жылдан бері бақытты ғұмыр кешіп, Дияб есімді ұлды тәрбилеп отыр.

Отағасы сүйіктісінің суретін желіде жариялағанда табынушы қыздар тарапынан мұндай шу шығады деп ойламаған.

Қызғанышқа салынған арулар Ясминді аяусыз сынап, оған керағар пікірлерін жаудырған. Олар ең сымбатты жігіттің назарына дәл осы қыздың түскеніне шүйліккен. Арулар Омардың жарын сұлу емес деп санайды.

Олар Ясминді басынан аяғына дейін талқылап, оның кемшіліктерін жаза бастаған.

Алайда жұрттың түрлі пікіріне ерлі-зайыптылар жауап беруді жөн деп санамаған. Олар керісінше өздерінің бақытты екенін дәлелдейтін суреттерімен бөлісіп, оқырмандарын қуантуда.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
1
2
34
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel