Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда аялдамадағы апаттан қаза болған екі келіншектің туыстары жанайқайын айтты

Опубликовано:

16 наурыз күні Алматыда көлік жүргізушісі аялдамаға соғылып, салдарынан екі адам қаза болған еді. Қос келіншектің артында жеті бала қалған. Ал марқұмдардың туыстары тергеушілердің істің мән-жайын толық айтпағанына алаңдаушылық білдіруде деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Фото: "Алматы" арнасы
Фото: "Алматы" арнасы: Instagram

Қайғыдан қара жамылған Есімхановтар әулеті есеңгіреп қалған. Отызға енді толып, опат болған Гузаль Есімханова - үйдің келіні, үш қыздың анасы болған.

Қайғылы оқиға болар күні келіншек өте көңілді жүрген. Үй шаруасын тындырған соң, қыздарына киім алуға базарға шығады. Аялдамада автобус күтіп тұрған көлік жүргізуші қағып, мерт қылады.

Фото: "Алматы" арнасы
Фото: "Алматы" арнасы: Instagram
"Есіне түссе болды, түнімен жылайды. Телефондағы суретін көреді. "Бізге енді кім қарайды", "балабақшаға кім апарады" деп жылайды. Жағдайымыз өте ауыр. Енді жазықты адам қатаң жазаланса деп талап етеміз. Үш бала жетім қалды, оларға анасының орнын ешкім баса алмайды", - дейді марқұм Гузаль Есімханованың күйеуі Қалдыбай Есімханов.

Сол оқиғадан қаза тапқан екінші келіншек - Мереке Әбенова. Марқұм әйел адам төрт баланың анасы болған. Оның баларының үлкені 13-ке толса, кенжесінің жасы үштен асқан.

Фото: "Алматы" арнасы
Фото: "Алматы" арнасы: Instagram
"Осы уақытқа дейін бір туысқаны хабарласпады. Әке-шешесі бар адам ғой. Жетім болса да жора-жолдастары болады. Әйтеуір бір танысы болады ғой. Осы уақытқа дейін бірде-бір адам хабарласып, кешірім де сұраған жоқ. Жағдайымызды да білген жоқ", - дейді марқұм Мереке Әбенованың күйеуі Асқар Имантаев.

Ал полиция департаментіндегілер тергеуші тарапынан еш олқылықтың жоқтығын айтуда.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген процедуралар бойынша, арнайы хаттамамен біз барлық медициналық құжаттарды ауруханадан алып, ол бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындаймыз. Сондықтан, жәбірленушінің "тергеуге қатыспадым" деп уайымдауы бекер.
Барлық процессуалдық іс-әрекеттер мен тергеу амалдары бұл азаматтың қатысуымен оның толығымен сауығып кетуінен кейін болады", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, жүргізуші қазір қамауда отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Айта кетсек, күдіктінің көлік жүргізуге рұқсаты жоқ болып шыққан. Оны полицейлер осыдан бір жыл бұрын ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін құжатынан айырған екен.

Тіпті, темір тұлпар тізгіндеуіне үш жылға дейін тыйым салған. Енді ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыз күні Алматының Тәттібеков көшесінде келе жатқан Toyota Corolla жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғады.

Салдарынан үш адам жарақта алып, оның екеуі ауруханада көз жұмған еді.

Куәгерлер көлік жүргізушісі мас болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787051-almatyda-aaldamadagy-apattan-kaza-bolgan-eki-kelinsekti-tuystary-zanajkajyn-ajtty/

pixel