RU
KeshYou-дің бұрынғы әншісі бала күнінде Айқынды ұнатқанын айтып қойды

KeshYou-дің бұрынғы әншісі бала күнінде Айқынды ұнатқанын айтып қойды

Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобында өнер көрсеткен Балжан Бидаш бала махаббаты жайлы сыр шертті. "Түнгі студия" бағдарламасына қонақ ретінде келген әнші кезінде Айқын Төлепбергенді ұнатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр, Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Танымал бағдарламаға кезекті қонақ ретінде келген Балжан Бидаш сұқбат барысында бұған дейін ешкімге тіс жармаған сырына ашты.

Айтуынша, әнші қызға бала күнінде өзіммен бір топта ән салған Жұлдыз Өмірғалидің жары, әнші Айқын Төлепберген ұнапты.

"Бала кезімде маған Айқын ұнайтын. Бала кезімде ұнататынмын. Жұлдыздан қорқып отырмын, ертең шашымды жұлып жүрсе" , - деп қалжыңдады Балжан Бидаш.

Жүргізуші әншіге Айқын Төлепберген мен Дәурен Айдарқұловтың екеуінің біреуін таңдауды айтқанда ол еш ойланбастан:

"Бала махаббаттан қалған Айқын болсын" , - деп даусын әншіге берген.
Сіздің реакцияңыз
7
6
1
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel