Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал режиссер Георгий Данелия қайтыс болды

Опубликовано:

Аты аңызға айналған кеңестік және ресейлік режиссер Георгий Данелия қайтыс болды. Кино саласының майталманы 88 жасында өмірден өткен. Бұл туралы "Пятый канал"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Георгий Данелия. Фото: kp.ru
Георгий Данелия. Фото: kp.ru: Twitter

Суыт хабарды марқұмның отбасы жеткізген. Рен ТВ арнасы сенімді дереккөзге сілтеме жасап, әйгілі режиссердің тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын хабарлады.

Ақпан айының соңында оны өкпенің қабынуы салдарынан жедел түрде ауруханаға жатқызған. Соңғы күндері режиссердің жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Георгий Данелияның фильмдері кеңестік кезеңде асқан танымалдылыққа ие болған.

"Афоня", "Я шагаю по Москве", "Джентльмены удачи", "Осенний марафон", "Мимино" және "Кин-дза-дза" секілді кино туындылар көрермендердің жүрегін жаулады.

Кино саласындағы атақты тұлғамен қоштасу қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787078-tanymal-rezisser-georgij-danelia-kajtys-boldy/

pixel