RU
Шымкентте сәби клизмадан күйген аурухананың бас дәрігері жазаға тартылды

Шымкентте сәби клизмадан күйген аурухананың бас дәрігері жазаға тартылды

Рассказать Вконтакте

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шымкент қаласында 2 сәуір күні клизмадан кейін күйіп қалған балаға байланысты тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен  жоспардан тыс тексеру жүргізді. Кішкентайдың ата-анасынан шағым түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте сәби клизмадан күйген аурухананың бас дәрігері жазаға тартылды

Көрнекі сурет: chips-journal.ru

Жоспардан тыс тексеріс барысында мынадай кемшіліктер анықталды: тиісті рұқсаты жоқ инфекционист-дәрігер клиникалық қызмет көрсеткен, процедураны тәжірибесіз  медбике жасағандықтан, клизма жасау тәртібі бұзылған.

Ал аурухананың  жауапты қызметкерлері медициналық процедурасының дұрыс атқарылуын қадағаламаған.

Аталған факті бойынша 2 медбике жұмыстан шығарылып, бас медбике қызметінен алынды, бас дәрігердің орынбасары мен емдеуші дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.

Бұдан бөлек, Шымкенттегі қалалық инфекциялық аурухананың бас дәрігеріне әкімшілік жаза ретінде 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, тексерістің қорытындысы бойынша материалдар, процессуалдық шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Бүгінде 2018 жылы туған бала үшінші сәуір күні санитарлық авиация көмегімен Шымкенттегі инфекциялық ауруханадан Алматы қаласындағы Педиатрия  және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. 

Қазір бүлдіршіннің жағдайы ауыр емес, тұрақты. Оның оң жақ жамбасы мен тікішегінің күйгені анықталды.

Балаға ректоскопия жасау кезінде тікішектің шырышты қабатының күйгені байқалады. Бірақ, қансырау мен некроз белгілері жоқ.  Тікішектің басқа бөлігі өзгермеген.

Нәресте консервативті ем қабылдауда. Мамандардың айтуынша, науқастың емінде оң нәтиже байқалады.

Науқас баланың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз
2
4
4
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel