RU
Абаев Путиннің Тоқаевты не себепті күтіп алмағанын түсіндірді (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Абаев Путиннің Тоқаевты не себепті күтіп алмағанын түсіндірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында алғашқы ресми іс сапарын Ресейден бастаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Путиннің не себепті Мәскеу әуежайынан күтіп алмағанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

абаев

Фото: Ақорда

Министрдің айтуынша, кейбір БАҚ өкілдері Қазақстан тарапын күтіп алуға келгендер қатарында Ресейдің Сыртқы істер вице-министрі Александр Панкиннің де болғанын хабарлауды ұмытып кеткендіктен, бұл тақырып әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіпті.

«Мен мұнда бір маңызды мәселені түсіндіріп өткім келеді. Дипломатиялық деңгейдегі сапарлар мемлекеттік, ресми, жұмыс бабымен және бейресми болып бөлінеді. Сонымен бірге, олардың әрқайсысында шегінуге болмайтын өзіндік протоколдық ерекшеліктері бар», - дейді Абаев.

Осы орайда ол президент сапары елшілер мен хаттамалар қызметі басшыларының деңгейінде кездесу өтетін ресми түрде болғанын атап өтті.

«Мемлекет және үкімет басшылары басқа елдердің президенттерін мемлекеттік сапарларда ғана күтіп алады», - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, Қазақстан президенті шетелге жасаған алғашқы сапарын 3 сәуірде бастады. Ресей басшысы Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Кремльде қабылдады.

Ол Қазақстан басшысын президент болуымен құттықтаса, Тоқаев Ресей президентіне Елбасының сәлемін жеткізді.

Ал Қазақстан президентінің кортежі Мәскеу халқының назарын аударды.

Сіздің реакцияңыз
15
3
1
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel