RU
Алматы облысында бес әйелден алты баласы бар азамат іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында бес әйелден алты баласы бар азамат іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Бес қазақстандық әйел бір еркектен алты бала туған. Ең сорақысы, қазір олар бүлдіршіндердің әкесін таба алмай жүр. Алданған келіншектердің бірі "ғашығы" үшін қанша ақша жұмсағанын баяндады деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Анель Оразбаеваның жеке мұрағатынан

Фото: Анель Оразбаеваның жеке мұрағатынан

Анель Оразбаева екі жыл бұрын жолда такси тоқтатып тұрады. Осы уақытта оның қасына сымбатты жігіт тізгіндеген "Гелендваген" көлігі тоқтайды. Олар жол бойы сөйлесіп, жігіт өзін Әмір деп таныстырады. Ол осы уақытқа дейін бір рет үйленіп, ажырасқанын, кішкентай қызы бар екенін айтады.

Әмір келіншек көліктен түсерде телефон нөмірін сұрап алып, оған гүлдер мен сыйлықтар бере бастаған. Ол типографияда жұмыс істейтінін, көп ақша табатынын айтып, сәнді дүкендерден киініп жүріпті. Бірден тұрақты қарым-қатынас туралы сөз қозғаған ол Анельден өзіне ұл туып беруін сұрайды.

Бір ұлы бар Анель оған да әке керек екенін ойлайды. Артынша ол Әмірден бала көтеріп, ана болуға дайындалып жүреді. Осы кезде сүйіктісі жолда кішкентай баланы қағып кеткенін, енді бүлдіршіннің емі мен полицейлерден құтылу үшін ақша керек екенін айтқан. Артынша тез арада автокөлігінің қозғалтқышын ауыстыру қажет болған.

Анель табысты жұмыста қызмет еткендіктен алғашқыда Әмірдің қаржылық сұрақтарын шешіп беріп отырған. Ол жігітіне қозғалтқыш ауыстыру үшін 60 мың, жол апаты мәселесін шешу үшін 300 мың теңге ұсыныпты.

Өз ойының дұрыс екенін көрсету үшін Әмір Анельге Алматы облысындағы ауылдарды көрсеткен. Ол бір үйде ата-анасы, ал екіншісінде туыстары тұратынын айтып, жуырда жақындарымен таныстыратынын алға тартқан екен.

Анель босанғанға дейін жұмыс істеген. Алғашында Әмір көп хабарласса, уақыт өте жоғалып, телефонын сөндіріп тастай бастапты.

Күндердің күнінде келіншек сүйіктісінен хабарлама алады. Әмір жүктіліктің бесінші айында жүрген Анельге Түркияға кеткенін, ал дәрігерлер одан қатерлі ісік анықтағанын жазып жібереді.

Ол Қазақстанға оралған соң Анельден ақша тауып беруін өтінеді. Ғашықтықтан көзі байланған әйел бірден банкке аттанып, 1 800 000 теңге несие алады. Ол алған қаржының 500 мың теңгесімен басқа несиесін жауып, қалғанын сүйіктісіне береді.

Біршама уақыттан соң Түркияға ұшып кеткен Әмір дәкімен оралады. Оны Анельге әкелген достары жігітті пышақтап кеткенін айтады. Келіншек тағы да 300 мың теңге қарыз алып, сүйіктісін емдетуге жұмсайды.

Артынша Әмір Израильге кетіп, сол жақтан суреттер мен махаббат анттарын жіберіп жүреді. Анель босанған соң жігіт перзентханаға келіп, ұлына Эмин деген есім қояды. Ол келіншекке енді үйленеміз деп уәде беріп, ұлын өз атына жазатынын айтады. Осылайша, ол құжаттарын алып жоғалып кетеді.

Босанған соң он екі күннен кейін Анель несиесі мен достарынан алған қарыздарын төлеу үшін жұмысқа шығады.

Бір күні келіншекке Қостанай қалалық полиция бөлімінің тергеушісі хабарласып, күйеуі ауыр қылмыс жасады деп күдіктеліп жатқанын, ол екі айға қамауға алынатынын айтқан. Оған қоса, ол жазаға байланысты тағы ақша төлеу керек екенін жеткізіпті.

Артынша белгісіз нөмірден Әмірдің өзі хабарласыпты. Келесі күні өзін Әмірді анасымын деп таныстырған әйел телефон соғып, млн теңге тауып қойғанын, енді тағы бір млн іздеуін өтініпті.

Еш күмәнданбаған анель ғашығы үшін үй жөндеуіне сақтаған ақшасы мен балаға байланысты берілетін декреттік ақшаны, жәрдемақыны береді.

Артынша қосымшадан қаржының Қостанайдан емес, Шымкеттен алынған білген ол күдіктене бастайды. Кейіннен Анель Әмірдің шын есімі Рамиль Байрамов екенін, оның Шымкентте Марина есімді жұбайы мен екі қызы болғанын анықтайды.

Уақыт өте келіншекке Әмір-Рамильге алданған Есіктен-Анель, Боралдайдан-Юлия, Шымкенттен-Лаура және Руфина есімді қыздар байланысқа шыға бастайды. Олардың ішінде Руфина ғана арыз жазбай, несиеге алған бір млн теңгесін өзі жауып тастауды шешеді.

Орташа есеппен Әмір-Рамиль өзі алдаған келіншектерден 10 млн теңге алады. Оның ішінде Анельдің өзі ғана төрт млн берген.

Анельдің Есік қаласынан аттасы 20 жастағы қыз Рамильге Америна есімді қыз туып, жігіттің өзіне 750 мың теңге берген. Ал Боралдайдағы Юлия бала босанған соң 500 мың теңге берген. Бала көтермеген шымкенттік Лаура екі млн теңге берген екен.

Қыздар Әмір-Рамильдің өмірін зерттегенде әжесінің тірі екенін біледі. Ал ол Анель Оразбаеваға әжесі қайтыс болғандықтан ата-анасымен кейін таныстыратынын айтқан екен.

Жарты жылдың ішінде Әмір-Рамиль Алматыдағы Анельмен де, Есіктегі Анель деген қызбен де сөйлесіп жүрген.

Әйелдердің ішінде тек Марина ғана Рамильге қарсы арызданбаған.

Қазір Рамиль іздестіріліп жатыр.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауылы полициясында келіншектердің арыздары тіркелгенін, қазірде тергеуші тағайындалғанын хабарлады.

Материалды көшіріп басу мен пайдалану тек "Время" басылымы ЖШС" рұқсатымен жүзеге асырылады

Сіздің реакцияңыз
9
4
6
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel