RU

Қарулы Күштерде елді мекендерге шабуыл кезіндегі ұрысты жүргізу тактикасы пысықталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Елді мекенге шабуылдау кезіндегі батальондық тактикалық топ» тақырыбында жалпыәскери және десанттық-шабуылдау бригадаларының командирлерімен көрсетпелі әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өтті.

Қарулы Күштерде іс жүзінде қалалық жағдайларда ұрысты жүргізу тактикасы пысықталды

Сабақтардың басты мақсаты шабуылдау жасағының құрамы мен ықтимал тапсырмаларын жеткізу, командирлердің елді мекенге шабуылдауға бөлімшенің дайындығы жөнінде жұмыс ерекшеліктерін ұғынуы және шабуылдау жасау кезінде жеке құрам мен әскери техниканың іс-қимылдарын көрсету болды.

Қарулы Күштерде іс жүзінде қалалық жағдайларда ұрысты жүргізу тактикасы пысықталды

Сабақтар барысында шабуылдау жасағының құрамын таңдау және елді мекенді барлау жөніндегі мәселелер қаралды, сондай-ақ елді мекенег шабуылдау жасау кезінде батальондық тактикалық топ жеке құрамы мен әскери техникасының практикалық іс-қимылдары пысықталды.

Қарулы Күштерде іс жүзінде қалалық жағдайларда ұрысты жүргізу тактикасы пысықталды

«Батысә ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, сабақтар тақырыптарының өзектілігі заманауи әскери қақтығыстардың сипаты мен урбанизацияланудың (кенттенудің) жоғары деңгейі болашақта жауынгерлік іс-қимылдар көбінесе қалалық жерлерде өтетінін жоғары ықтималдылығымен байланысты болып отыр.

Қарулы Күштерде іс жүзінде қалалық жағдайларда ұрысты жүргізу тактикасы пысықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787160-karuly-ksterde-eldi-mekenderge-sabuyl-kezindegi-rysty-zrgizu-taktikasy-pysyktaldy.html