Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында өзін өрттеп жіберген ер адамның келіншегі көз жұмды

Опубликовано:

Павлодар облысының Ақсу қаласында өзін өрттеп жіберген ер азаматтың әйелі ауруханада көз жұмды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Көрнекі фото: svoboda.org
Көрнекі фото: svoboda.org: Facebook

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1974 жылғы әйел адам Ақсу қалалық ауруханасында көз жұмған.

"Ол 4 сәуірде сағат 13:06-да қайтыс болды. Науқас қатты күйіктен ес жимастан көз жұмды. Зардап шеккен әйелдің денесін 60-70 пайыз күйік шалған", - деп хабардар етті баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, Ақсу тұрғыны әйелінің туған күнінде өзін өртеп жіберді. Оқиға салдарынан ер адам қаза тауып, он шақты адам газдан уланып ауруханаға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787170-pavlodar-oblysynda-zin-rttep-zibergen-er-adamny-kelinsegi-kz-zmdy/

pixel