RU
Қазақстан жайлы әсерлі видео түсірген тағы бір қазақ жігіті елді тәнті етті (видео)

Қазақстан жайлы әсерлі видео түсірген тағы бір қазақ жігіті елді тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Ғаламтор кеңістігінде Қазақстан жайлы түсірілген тағы бір әсерлі видео тарады. Еліміздің кең байтақ даласының керемет көріністері бейнеленген туындының авторы Нұрсұлтан Байкенов деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Байкенов аталмыш бейнероликте Қазақстанның көркем табиғатын, әсем жерлері мен тарихи мекендерін паш еткен.

Аталмыш видеоны автор өзінің Youtube-тағы парақшасына жариялады.

Қазақстан жайлы туындыға тәнті болған желі қолданушылар видеоның астына өзінің алған әсерлері мен оң пікірлерін жарыса жазуда.

"Көз алмай қарай бергің келеді" , "Тамаша. Әдемі көріністер, өте жоғары деңгейде жасалған" , "Сөз жоқ. Керемет әсер алдым мына видеодан" , "Мұндай әсем көріністерді бізге ұсынғаныңыз үшін рақмет" , "Отанымыз неткен әдемі еді" , деп өз ойын білдірді олар.

Айта кетейік, бұған дейін Айсұлтан Сейітов Қазақстанның ең әсем жерлері бейнеленген видеоны желіде жариялап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Танымал режиссердің туған елі жайлы бейнеролигіне әлемге әйгілі жұп түскен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel