RU

Алматыда жеңіл көлік полиция бекетіне соғылды (видео)

Алматыда Toyota Carina көлігі полиция бекетіне соғылды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше түнде болған.

"Toyota Carina E көлігінің 1985 жылғы жүргізушісі Бұқтырма көшесімен халықаралық әуежайға қарай кетіп бара жатып, басқаруға ие бола алмай полицияның стационарлық бекетінің бағанына соғылған. Абырой болғанда ЖКО салдарынан жүргізуші де, полиция қызметкерлері де жапа шеккен жоқ", - деді полиция.

Жүргізуші мас болмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын Түріксіб аудандық полиция басқармасының мамандары анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787183-almatyda-zeil-klik-policia-beketine-sogyldy-video.html