Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздығын алған": Күйеуі жас қызға ғашық екенін білген әйел мұңын шақты

Опубликовано:

Күйеуімен ажырасып кеткеніне жеті жыл болған келіншек ащы құпияның бетін ашқан. Баласы үшін жұбайымен қайта қосылған ол сүйіктісі басқа қызды сүйетінін біліп қойған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: qna.center
Көрнекі фото: qna.center: Instagram

Жұбайымен қызғаншақтығы үшін айырылысқан келіншек бүгінде бір қыздың анасы. Жақсы көретін жанын қимаған әйел адам араға жеті жыл салып күйеуімен қайта қосылыпты.

"Қызым әкесі десе өледі, қызым үшін мүмкіндік берген едім. Қосылатын кезде бәрін қойдым деп уәде берген болатын. Бір грамм да өзгермеген, сол баяғы қызғаныш, сол баяғы қол көтеру, одан да қатты үдетіп алған. Қатты ішкенді шығарып алған.
Жұмыстан қайтқанда, міндетті түрде ішеді, ішсе, маған тиседі. Мен ұрғанына да, сөйлегеніне де мән бермеймін, өзім оны қатты жақсы көремін. Қанша уақыт ажырасып жүрсек те, жүрегім тек сол деп жүрген болатын", - дейді келіншек.

Күндердің күнінде ішімдік ішкен күйеуі әйеліне ащы шындықтың бетін ашады. Бұл сырды естіген келіншектің осы уақытқа кейін көрген қайғысы түкке тұрғысыз болып қалған.

"Ең соңғы рет ішкенде, екеуміз айырылысып жүрген уақытта басқа қызды жақсы көргенін, ол қыздың пәктігін алғанын, ол қызды басқа біреу алып қашып кеткенін түгел жылап айтып берді", - дейді ол.

Сүйген адамының басқа біреуге ғашық екенін білген әйел ол үйде бір күн де тұра алмаған.

"Таңға дейін жылап, ұйықтай алмадым. Таңертең тұрдым да, кетіп қалдым. Содан кейін ол да хабарласпады, мен де хабарласпадым. Бар сырымды тек анаммен бөлістім. Анам осы уақытқа дейін қызды өсірдің, жеткіздің, жетер енді, қосылма деп отыр. Өзі сыртта қыдырады да, үйге келіп мені ұрады, осыған анам қатты ашуланды",- дейді жан сырын ақтарған кейіпкер.

Қатты ойға берілген әйел жұрттан ақыл-кеңес сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787194-kyzdygyn-algan-kjeui-zas-kyzga-gasyk-ekenin-bilgen-jel-myn-sakty/

pixel