RU
Гауһар Әлімбекованың соты: Бақыт Назарова алған бетінен қайтпайтынын жеткізді

Гауһар Әлімбекованың соты: Бақыт Назарова алған бетінен қайтпайтынын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматыда Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы әншінің бұрынғы құрбысы Бақыт Назарова өзіне келтірілген залал қайтарылмайынша, бұл істі жай қалдырмайтынын айтты деп хабарлайды "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әншінің жеке парақшасынан, KAZ.NUR.KZ. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Әншінің жеке парақшасынан, KAZ.NUR.KZ. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұл жолы айыпталушы Әлімбекова да, 40 мың доллар қаржысынан демде айырылған сазгердің құрбысы да соттың әділ, әрі соңғы шешімі шығар деп топшылаған. Алайда олардың дауына әлі нүкте қойылар емес.

Алғашқыда Гауһардың қарызын әншілер қауымы қайтарып беруге бекінгенде, Назарова алмаған. Енді жәбірленуші тарап ойын өзгерткен сәтте, әртістер қауымы құнды қағазды табыстауға құлықсыз көрінеді.

"Бұлардың ішінара жинаған сомасын алуға біз кейіннен келісім бердік. Олар кейін бас тартты. Үзілді-кесілді... Осымен ешқандай реніш жоқ деп, келісуге болатын еді. Бірақ олар жинаған ақшаны да берген жоқ", - дейді жәбірленушінің адвокаты Марс Жанабаев.

Гауһар Әлімбекованың адвокатының бұл іске қатысты өз шындығы бар.

"Әншілер қауымы әуелі 7 млн ұсынды, осы соттың арасында жүргенде 10 миллион апарып берді. Ал енді қараңыз, "маған 40 мың доллар беріңдер, сосын 40 мың долларға Гауһар расписка жазып берсін" дейді. Сонда 80 мың доллар сұрап отыр", - дейді әншінің адвокаты Шынқуат Байжанов.

Ал жәбірленушінің өзі алған бағытынан қайтпайтынын жеткізді.

"Маған келген залал қайтарылмайынша, мен бұл істі жай қалдырмаймын. Керек болса жоғарғы сотқа, бас прокуратурға шағымданамын. Алған бағытымнан қайтпаймын", - дейді әншінің экс-құрбысы Бақыт Назарова.

Айта кетейік, келесі сот отырысы сәуір айының 10-күні өтеді.

Сіздің реакцияңыз
24
0
0
7
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel