RU
Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте ҰҚК департаменті ұлттық ұланның арнайы бөлімшесімен бірлесіп тұрақты түрде жергілікті кәсіпкерлерден ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесін ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шымкентте ҰҚК арнайы операция өткізді

Фото: knb.gov.kz

Ұсталған қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Фото: knb.gov.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Фото: knb.gov.kz

Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10 000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде жүзеге асырылды.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Фото: knb.gov.kz

Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орын анықталды, бес бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Фото: knb.gov.kz

Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде.

Шымкенттегі арнайы операция кезінде алты адам ұсталды (фото)

Фото: knb.gov.kz

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
2
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel