RU
18 жастағы келіншек жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда білген

18 жастағы келіншек жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда білген

Рассказать Вконтакте

Шотландиялық Глазго қаласының тұрғыны өзінің жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда бір-ақ білген деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әйел адам өзінің жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда білген

Фото: rebenok16.ru

Тұңғышын босанған 18 жастағы Эммалуиз Леггэйт бала көтеруге тосқауыл болатын дәрі қабылдап, екінші рет сәбилі болуды жоспарламаған екен.

Алайда, 2018 жылдың 17-і шілде күні оның іші дөңгеленіп кетіпті. Бірақ өзінің айтуынша, бір күн бұрын оның іші мүлде болмаған.

Ол бірден жедел жәрдем шақыртып, 45 минуттан соң Сиара есімді қызды дүниеге алып келіпті.

Эммалуиз Леггэйт оның алдында артық салмақ қосып алып, арықтауға тырысқанын еске алады. Алайда ол сол уақытта ішінің дөңгеленіп, өскенін байқамаған.

"Мен жүктілік тестін жасатпадым. Оған ешқандай себеп болған жоқ. Дәрігерлер неліктен ішімнің болмағанын түсіндіре алар емес. Олар бала арқа жақ бөлігінде болған деп болжап отыр. Мұндай жайттар жиі орын алады", - дейді Леггэйт.

Екінші сәбиін босана салысымен Леггэйт жатыр ішіне бала көтеруге тосқауыл болатын бұранда орнатып, жүктілік тесттерін жасап тұратын болды.

.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel