RU
Парижден сәлем жолдаған Бүркіт пен Аиша елді қызықтырып қойды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Парижден сәлем жолдаған Бүркіт пен Аиша елді қызықтырып қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта Парижде саяхаттап жүрген жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша тыңдармандарын сүйсінтті. Әнші жұбайымен түскен видеоны Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірнеше жыл бұрын біз Парижде болғанбыз. "Титтей" деген әнімізге клип түсірдік. Бірақ қаланы көріп, қыдыруға мүмкіндігіміз болған жоқ еді. Бірнеше күннің ішінде біраз жерді аралап шықтық", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары жарасымды жұпқа ақ тілектерін жаудырып, жарыса лебіз білдірген.

"Керемет", "Өте жарасымды жұпсыздар", "Аишаның қылығы сондай жарасымды", "Тіл-көзден аман болыңыздар", "Бақытты болыңыздар".

"Сіздерге тек тамсанып қараймыз", "Өте қарапайымсыздар. Осы мінезіңізді көпшілік ұнатады" деп пікір жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіт пен Аишаның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
3
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel