Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат ойыны: Төсек қатынасының адам тәніне қандай пайдасы бар?

Опубликовано:

Төсек қатынасы кезінде адам ағзасынын 400 килокалория бөлінеді. Демек, жыныстық қатынас та дәл жаттығу залы сияқты деген сөз. Жалпы "көрпе ойынында" адамның қай мүшелері жаттығады? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: wow-journal.ru
Көрнекі фото: wow-journal.ru: Facebook

Қол мен иық

Жыныстық қатынас кезінде қол мен иықтың тіреуіш қызметін атқаратыны белгілі. Әсіресе, қолға түсетін күш көп. Әлбетте, оған түсетін ауырлықтың жартысын иық көтереді. Түрлі "позада" да қол мен иыққа күш түсетін болғандықтан, жатын жайға жайғаспас бұрын аздап иық бұлшықеттерін қыздырып алған артықтық етпейді.

Кеуде бұлшықеттері

"Махаббат ойынымен" айналысып жатқанда кеуде бұлшықеттері де едәуір шынығады. Әсіресе, "шынтақ-тізе" позасын қолданғанда жаттығады. Бұл кезде дененің жоғарғы бөлігі жиырылып-бүгілетін болғандықтан, ең алдымен кеуде бұлшықеттеріне әсер етеді.

Құрсаққа "пресс"

Тән қалауын орындап жатқанда әйел мен еркектің қай-қайсысы болмасын, бірі еңкейіп, екіншісі ұмтылып барып сүю әрекетн бірнеше рет орындайды. Осындай сәтте қимылдың басым күші құрсаққа түсіп, еріксіз "пресс" жасайсыз. Бұл кезде ескеретін жайт – дене түзу болуы керек.

Бөксе мен жамбас

Бөксенің қимылы арқылы "жаттығу" жасайтынын айтып жату артық болар. Дегенмен, әйелдер үшін өте пайдалы "жаттығу" екенін ескерген жөн. Мұнда еркектің көмегі көп, емеурінмен беліңізден ұстап тұруын білдірсеңіз, жетіп жатыр. Бұл қимылға дайындық – күн сайын жасалатын жаттығу ішіндегі отырып-тұру. Егер бұл жаттығуды ұдайы жасап тұрған болсаңыз, аталған "позада" қиындық тумайды.

Арқа және сегізкөз бұлшықеттері

Арқаның кеуде бұлшықеттерімен бірге шынығатыны түсінікті. Кеуде керіліп-созылған сайын оның әсері арқаға да беріледі. Ал сегізкөздің бұлшықеттері бөксе мен жамбас қимылдауынан жиырылып-созылатыны да белгілі. Мұндай кезде де жарақат алып қалу қаупі бар.

Қасаға-құйымшақ бұлшықеті

Қасаға-құйымшақ бұлшықетінің қайда орналасқанын зәр шығаруды ортасынан тоқтату арқылы сезінуге болады. Зәрді тоқтату кезінде тап осы бұлшықеттер жұмыс жасайды. Осы әрекетті дұрыс жасай алатын болсаңыз, оның өте жақсы дамығаны деген сөз. Бұл бұлшықеттердің шыныққаны босану процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, серігіңізге сексуалды тартымды ете түседі. Қасаға-құйымшақ бұлшықетін осылайша жиырып-босату әдісі жыныстық қатынаста маңызды рөл ойнайды. Мұнан тек еркек қана емес, әйел де ләззат алады. Осынау бұлшықетті шынықтыру үшін күніне бір рет жиырып-босатып, жаттығу жасап жүрген жөн.

Жүрек

Жыныстық қатынас кезінде ең көп жаттығу жасайтын мүше – жүрек. Тұрақты жыныстық қатынаста болу – жүрек-қантамыр жүйесі үшін тиімді жаттығу жасаумен тең. Адам ағзасы қозудың жоғары дәрежесіне жеткенде, қан қысымы сынап бағанасының 200/120 мм деңгейіне жетеді екен. Ал жүректің соғысы минутына 180 рет соғуға дейін барады. Тыныс салу үш есе артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787228-mahabbat-ojyny-tsek-katynasyny-adam-tnine-kandaj-pajdasy-bar/

pixel