RU
Головкиннің бапкері боксшының қыркүйектегі қарсыласының есімін атады

Головкиннің бапкері боксшының қыркүйектегі қарсыласының есімін атады

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшы маусымдағы кездесуінен кейін қыркүйекте кіммен жекпе-жекке шығатынын жариялады деп хабарлайды Sports.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Головкиннің бапкері боксшының қыркүйектегі қарсыласының есімін атады

Фото: today.kz

Санчестің сөзінше, қазақстандық боксшы күзде Сауль Альварес және Хайме Мунгиямен кездесу өткізуі мүмкін.

Бапкердің айтуынша, негізгі қарсылас ретінде «Канело» қарастырылып отыр, ал Мунгия қосалқы мүмкіндік.

Сондай-ақ, Санчес қазақстандық және мексикандық боксшылардың үшінші жекпе-жегін спортшылардың табынушылары мен "бүкіл бокс әлемі" күтіп отырғанын жеткізді.

Головкин мен Альварес - орта салмақтағы үздіктер, сондықтан көпшілік қауым олардың жекпе-жегін тамашалауды қалайды. Олар рингте жұдырық түйістірулері үшін екеуі де алдағы жекпе-жектерде жеңіске жетулері керек.

Сауль Альварес Дэнни Джейкобсты жеңіп, ал Геннадий Головкин маусымдағы қарсыласынан басым түсуі тиіс.

"Бәрі мұны қаншалықты қалайтындарына байланысты. Одан басқа да жақсы кездесулер бар. Қазір GGG үшін бастысы белбеулер емес, сапалы жекпе-жек", - деп Санчес сөзін қорытындылады.

Алдын ала ақпарат бойынша, жазғы кездесуде қазақстандық боксшы француздық Хассан Н’Дам Н’Жикаммен жұдырық түйістіреді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel