RU

Танымал актер тырнақ астынан кір іздейтіндерге жауап қайтарды

Танымал актер, "Қазақ хандығы" фильміндегі Шаһ Мұхамедтің ролі арқылы танылған Нияз Шайсұлтанов, аталмыш фильмді сынайтындарға жауап берді. Өнер иесі жоғары деңгейдегі қандай да бір фильм түсірілсе де, көпшілік одан қалай да мін табатынын жасырмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: Brod.kz
Фото: Brod.kz: Twitter

Жас актер әсіресе әлеуметтік желі арқылы сын тағатындарға қатысты өз пікірін білдірді.

"Тырнақ астынан кір іздеуден біз қашан да шеберміз. Кино қаншалықты жоғары деңгейде түсірілсе де, тиісетін жер әрқашан да табылады. Кино шықпастан бұрын, үлкен ағаларымыз тарихи туынды болған соң, сын айтатындар да, қолдайтындар да болатынын айтқан еді.
Дайын болу керек деп алдын ала ескерткен-ді. Сондықтан мен алдын ала дайын болдым. Ұлтымыздың тарихын түгендеп, бейнежазбамен баяндап беретін фильмнің сценарийі қалай жұтаң болады? Білмеймін, бірақ ондай пікірмен келіспейді екенмін", - дейді актер.

Айта кетейік, 27 жастағы актер өз рөлін жоғары деңгейде ойнағаны үшін көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787255-tanymal-akter-tyrnak-astynan-kir-izdejtinderge-zauap-kajtardy.html