RU
Жүкті әйелдерге 425 мың теңге қалай төленетінін министрлік түсіндірді

Жүкті әйелдерге 425 мың теңге қалай төленетінін министрлік түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге 425 мың теңге көлеміндегі төлем қандай шарттармен және қашан төлетенін түсіндіріп өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге 425 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді

Көрнекі фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі заң бөлімінің директоры Талғат Тұрмағамбет бұл ұсыныс әлі қаралып жатқанын, басқа мемлекеттік органдармен талқыланатынын түсіндірді.

Халықаралық ғылыми онкологиялық орталық төрағасының орынбасары Гүлнар Құлқаева 425 мың теңге көлеміндегі сыйақыны жүктіліктің 12-ші аптасына дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдер ала алатынын баса айтып өтті.

"Алайда тіркеуге тұра салысымен ақша төленеді деп ойлау қателік. Сыйақы жүктіліктің соңында төленеді", - деді Гүлнар Құлқаева.

Сондай-ақ, сыйақыны барлық жүкті әйелдер ала алатыны айтылды. Бұл жерде әлеуметтік жағдай қарастырылмайды.

Еске сала кетейік, осыдан бұрын елімізде аяғы ауыр әйелдерге 425 мың теңгеден берілуі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасына осындай норма енгізуді көздеп отыр

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
10
40
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel