RU

Қар аралас жаңбыр: Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК мамандары 6-8 сәуір күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: tatpolit.com
Көрнекі фото: tatpolit.com: Facebook

Синоптиктердің айтуынша, шығысқа қарай жылжитын суық атмосфералық фронтпен бірге еліміздің шығысы мен орталығында жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, көктайғақ болады, оңтүстік-шығысында жаңбыр, нөсер, бұршақ жауып, найғазай ойнайды, таулы аудандарда қар көшкіні қаупі күшейеді.

"Фронттың артынан ығысып жатқан антициклон еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының бүкіл аумақта климаттық нормадан төмен болуына ықпал етеді", – деп хабарлады ауа райын болжаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787286-kar-aralas-zabyr-elimizde-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady.html