RU
Полиция Баландин мінген көліктен айна ұрлануына қатысты мән-жайды айтты
Жаңалықтар Қоғам

Полиция Баландин мінген көліктен айна ұрлануына қатысты мән-жайды айтты

Рассказать Вконтакте

Алматы полицейлері олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин көлігінің айналары ұрлануына қатысты іс қалай ашылғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полиция Дмитрий Баландин айналарының ұрлануына қатысты мән-жайды айтты

Серік Күдебаев. Фото:NUR.KZ/Петр Карандашов

"Бүгінгі таңда қылмыс ашылды. Алматы облысының тумасы, 1986 жылғы Валиев Айдос есімді азамат тұтқындалды. Ол үш мәрте біреудің мүлігін ұрлағаны үшін жауапқа тартылған. 45 видеокамера тексерілді. Одан біз Hyundai автокөлігін анықтадық. Сондай-ақ 146 көлік тексерілді. Айналар тәркіленді", - деп мәлімдеді Алматы ПД-нің басшысы Серік Күдебаев.

Қылмыскер Баландин көлігінің жанында тұрған Range Rover-ге де ұрлық жасаған.

Бүгінде Алматы базарларынан 14 айна тәркіленіп, ашылмаған қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

"Өткен жылы автобустарда көптеген қалта және ұялы телефон ұрлығы жасалған болатын. Біз күнделікті таңғы бестен жұмыс істейтін топ құрдық.
Ұрланған мүлікті өткізу орындарында пысықтау жұмыстарын жүргізудеміз. 49 пысықтау жұмысы өткізіліп, айна ұрлаған 39 тұлға құрықталды. Олардың жетеуі бұрын істі болған", - деді Күдебаев.

Сондай-ақ ол 16 206 қылмыс ашылғанын, оның ішінде 1652 - жуырда жасалған қылмыс, 436 - өткен жылдары жасалған қылмыс екенін мәлімдеді.

Департамент басшысы пәтер ұрлықтары, қалта және ұялы телефон, жақтаудағы айна ұрлықтары және т.б. ұрлық түрлері азайғанын баса айтып өтті.

"Бүгінгі таңда біз орталық жедел басқарма қызметкерлерінің санын үш есеге арттырдық. Қызметкерлер жалақысын екі есе көтеріп, жұмыс уақытын 24 сағаттан 12 сағатқа қысқарттық", - деді Серік Күдебаев.

Сонымен қатар ҚБТУ-нің студенттері қаланың электронды картасын сызып, патрульдік көліктердің бағдарларын жазып шыққанын хабарлады. Бағдардан 300 метрге ауытқу тәртіп бұзушылық ретінде бағаланады.

"Өздерінің участкелерін торауылдайтын полицейлердің электронды планшеттері бар. Онда адамның ЖСН енгізілгенде, оның аты-жөнін, тәртіп бұзушылықтарып, іздеуде ме, жоқ па сол көрсетіледі. Ақпарат автоматты түрде ОЖБ жіберіледі", - деді генерал-майор.

Еске сала кетейік, сәуірдің басында Алматы қаласында Дмитрий Баландин көлігінен айнасы ұрланған еді. Қылмыс Денис Тенге шабуыл жасалған ауданда жасалған.

Бұзақының ұрлығы бақылау камерасына түсіп қалды.

Кейінірек, олимпиада чемпионының көлігінің айнасын қолды қылған күдікті ұсталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel