RU
Қызылордада 17 жастағы бойжеткен Сырдарияға секіріп кетті

Қызылордада 17 жастағы бойжеткен Сырдарияға секіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Қызылорданың 17 жастағы тұрғыны Сырдария өзеніне секіріп кетті. Бойжеткенді оқиға орнына үш минутта жеткен құтқарушылар судан аман алып шыққан деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: DeviantArt

Фото: DeviantArt

Куәгерлердің айтуынша, қыз суға әдейі секірген.

"2019 жылдың 4 сәуірінде сағат 11:26-да Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне белгісіз адам хабарласып, ХҚО маңында бір қыздың Сырдария өзеніне көпірден секіріп кеткені жөнінде хабарлаған. Құтқарушылар оқиға орнына үш минутта жетті. Радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау бөлімінің басшысы Ә.Сахиев пен бас құтқарушы Б.Алжанов суық суға секіріп, 200 метрге дейін жүзіп барды.
Олар сол жерде қызды тауып, оны өзеннің сол жағалауына шығарды. Осы уақытта қайықпен келген құтқарушылар өзеннің оң жағалауына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - дейді өңірлік ТЖК өз хабарламасында.

Айта кетейік, құтқарылған ару Қызылорда қаласының 2002 жылғы тұрғыны.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.   

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
4
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel