RU
Түркістанда қалыңдықтың бұрынғы күйеуі тойда шу шығарды

Түркістанда қалыңдықтың бұрынғы күйеуі тойда шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Түркістанда өткен тойдың соңы жанжалға ұласты. Жастардың үйлену тойына жиналғандардың берекесін қалыңдықтың бұрыңғы күйеуі қашырды. Жасы 30-дан асқан азамат екінші мәрте тұрмыс құрып жатқан келіншекті өзімен бірге алып кетпекші болған екен. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдайды оқиға куәгері KAZ.NUR.KZ редакциясына әңгімелеп берді.

Түркістанда қалыңдықтың бұрынғы күйеуі тойда шу шығарды

Көрнекі фото: Еnigma-project.ru

Ақкенже есімді келіншек қалыңдықтың жақын туысы. Ойда жоқта болған жағдайдың кесірінен жанұя жерге қарағанын айтады.

«Бұрыңғы күйеу баламыз жаңа құдаларымыздың алдында масқарамызды шығарды. Сіңлім екінші мәрте тұрмыс құрып жатқан болатын. Мұндай сорақы жағдай болады деп кім ойлапты? Бұл тойға ұзақ уақыт дайындалған едік, сіңліміздің бағы ашылып кеткенін тілейміз», - дейді Ақкенже.

Жаңадан отбасын құрып жатқан қалындықтың есімі Айару. Түрікстандық келіншек осыдан екі жыл бұрын бірінші күйеуінен ажырасып кеткен. Арада біршама уақыт өткеннен кейін, 28 жастағы келіншек жұмысындағы азаматпен сөз байласқан екен. Екі жас бір-бірін шынайы ұнатып қалған көрінеді. Нұрлан есімді жігіт нәзік жанның өткен өміріне қарамастан, оны өзінің әйелі еткісі келетінін айтқан. Тіпті азамат өзінің жақындарын көндіруге мәжбүр болыпты.

«Нұрланның анасы басында жастардың үйленуіне қарсы болған еді.Ұлына бұрын есікті көрген қызды алып бергісі келмегені түсінікті. Бірақ жас жігіт отбасын өз дегеніне көндірді. Біз құдаларымздан Айарудың бұрынғы өмірін жасырғымыз келмеді. Алайда құдағайымыз өзінің туысқандарына шындықты білудің қажеті жоқ екенін айтты. Біз үлкен кісінің шешіміне қарсы келмедік», - деді түркістандық келіншек.

Айару бірінші күйеуімен бір жылға жуық уақыт тұрған. Ерлі-зайыптылардың ортақ балалары жоқ. Кейіннен күйеуі ішімдікке салынып, әйеліне қол жұмсайтын болған. Жас келіншек шыдамдылық танытуға тырысқанымен, енесі «бала туа алмайсың» деп күн көрсетпепті. Нәтижесінде екеуі сот арқылы ажырасып, бөлек кеткен. Дегенмен Айарудың бірінші күйеуі оны үнемі үйіне іздеп келіп, айқай шығарып жүрген. Келіншектің отбасы тіпті полиция шақырып, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

«Бұрынғы күйеу баламыздың мінезі өте нашар болатын. Бір жылдың ішінде Айарудың өмірі тозаққа айналып кеткендей болды. Сіңлім Нұрланмен бас қосатынын айтқанда, анасы біраз уақытқа дейін уайымдап жүрді. Бекер уайымдамаған екен», - дейді біздің кейіпкеріміз.

Айарудың бұрынғы күйеуі тойға сылқия мас болып келген. Бастапқыда көпшілік масаң күйдегі азаматқа мән бере қоймаған екен. Тамадамен арпалысып жүріп, асабаның қолындағы микрофонды тартып алыпты. Сол кезде балағат сөздерді айтып, қалыңдыққа тіл тигізген.

«Ол кезді мүлдем есімізге түсіргіміз келмейді. Айарудың түрі бозарып кетті. Тойға жиналған жұртшылықтың бәрі не ойлағаны белгісіз. Сіңлім бетін жауып, сыртқа қарай жүгіріп кетті. Нұрлан соңынан жүгіріп, әрең дегенде тойдың төріне қайтадан отырғызды. Осы кезде жағдайды құдағайымыз реттеді. Қолына микрофонын алып, болған жағдай үшін халықтан кешірім сұрады. Жанжал шығарған азаматты күйеу жігіттің достары далаға алып кетті. Біраз уақытқа дейін көңілімге қаяу түсіп, басымызды көтере алмай қалдық», - дейді Ақкенже.

Бүгінде Айару күйеуімен бірге ата-енесінің үйінде тұрып жатыр. Жанұя тойда болған келеңсіз жағдай туралы айтпауға тырысады. Болашақта жас жұбайлар Алматыға көшіп, жаңа өмір бастауды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз
18
4
1
21
4
22
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel